Кәсіпкерге жер беруден заңсыз бас тартылды

2022 05 05 bezymyannyy 188 Жаңалықтар

Атырау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бизнеспен айналысу үшін жер учаскесін кеңейтуден бас тартқан Атырау қаласы әкімдігінің лауазымды тұлғаларын тәртіптік жауапкершілікке тартуға бастамашы болды. Шешім жер комиссиясының хаттамасы негізінде өтінішті қарау мерзімдерін бұза отырып, бас тарту туралы қаулы шығармай қабылданды.

Осыған байланысты кәсіпкер мемлекеттік органның шешіміне шағымданып, облыстың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі кәсіпкердің дәлелдерін тексеріп, көрсетілген фактілерді растады.

Қазіргі уақытта жер телімі кәсіпкерге беру бойынша мәселе жергілікті атқарушы органның қаралуында. Кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз