Sa bolyi yiz attyi yistyi

Сақ болыңыз, қатты ыстық!

Жаңалықтар

Атырау облысы бойынша 40-42 градус қатты ыстық болатыны туралы тұрғындардың ұялы телефондарына хабарлама жіберілген еді.

Сақ болыңыз, қатты ыстық!

Осыған байланысты облыс тұрғындары мен қонақтарын ыссылық зардаптарынан сақ болу үшін келесі ережелерді сақтауды ескертеміз:

– ашық түсті ауа өткізетін (мақтадан) киім киіп, басыңызды жауып жүріңіз;

– далада асықпай жүріңіз, көбінесе көлеңкеде болыңыз;

– су жетпейтіндіктен қорғану үшін сұйықтық көп ішу керек, күніне 1,5-3 литр су ішіңіз;

–  алкогольді немесе газдалған тәтті сусындарды ішпеңіздер, олар организмдегі зат алмасу процесстерін төмендетеді;

– үйде салқын температураны сақтаңыз. Күндіз терезелерді ашық перделермен немесе фольгамен жауып, ал, түнде терезелерді ашып қойыңыз;

– рационда көкөніс пен жемістерді, жеңіл тағамдарды тұтынған абзал. Майлы, қуырылған және тәтті тағамдарды рационнан алып тастау керек;

– ыстықта денеге физикалық салмақ салмаған дұрыс ;

– ғимарат ішінде салқындатқышты +22 +23 градус температурадан төмен қоюға болмайды;

– кішкентай балаларға көбірек көңіл бөлу керек. Бала организмі ауа температурасының жоғары көтерілуіне өте сезімтал болып келеді;

– балалар мен жануарларды тұрақтағы автокөлікте жалғыз қалдырмаңыздар;

– егерде ыстыққа көп жүріп, күн тисе, онда организмді салқындату іс-шараларын жүргізіңіз, қажет болса дәрігерге барыңыз.

Жоғарыда айтылған қарапайым ережелерді орындай отырып, өздеріңізді және балаларыңызды күннің ыстығынан қорғауға болады.

Атырау облысы ТЖД Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы.

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған