Абыройға бөлеген адал еңбек

абыройга болеген Жаңалықтар
Ауыл шаруашылығы саласының үздіктері марапатталды

Ел экономикасының жетекші саласының бірі – ауыл шаруашылығы. Осы сала қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында салтанатты шара өтті.

%d0%b0%d0%b1%d1%8b%d1%80%d0%be%d0%b9%d0%b3%d0%b0-%d0%b1%d0%be%d0%bb%d0%b5%d0%b3%d0%b5%d0%bd

Жиынға қатысушыларды аймақ басшысының атынан облыс әкімінің орынбасары Сәлімжан Нақпаев құттықтады. Сондай-ақ, облыстың  ауыл шаруашылығы саласында соңғы жылдары біраз жұмыс атқарылғанына тоқталды.

– Елімізде алғаш рет 100 тонна түйе және 350 тонна қой жүнін өңдеу мен тоқыма киімдер фабрикасы біздің өңірде іске қосылғанын ерекше айтуымыз керек. Сонымен қатар, «Алмалы құс» және «Атырау Сауда» ЖШС-нің құс фабрикалары бір жылда  92 миллион дана жұмыртқа өндіріп келеді. Жылына 100 тонна тауарлы бекіре тұқымдас балығын өсіру және бір тонна азықтық уылдырық алу үшін балық өсіру, 75 мың дана консервіленген өнім,  570  тонна көкөніс салатын дайындау, 12,6 миллион дана консервіленген ет өндіру кешендері және 2,6 миллион дана жұмыртқа мен 2,4 тонна бөдене етін өңдейтін бөдене фермасы, екі гектар жылыжай шаруашылығы іске қосылды, – деді өңір басшысының орынбасары.

– Келесі жылы өңірде екі ірі жоба іске қосылады деп күтілуде. Бірі –  жылына 2 600 тонна құс етін өндіретін бройлерлік құс фабрикасы болса, келесісі –  20 гектар болатын жылыжай шаруашылығы. Осы жасалып жатқан жұмыстардың нәтижесінде өзімізде өндірілген өнімдерді тұрғындарға делдалсыз сату мақсатында облыста коммуналдық базар салынып, іске қосылған болатын. Алға  қарай  да  жергілікті тұрғындарды өз өнімдерімізбен толықтай қамтамасыз етуді жалғастыра бермекпіз.  Бүгінгі жеткен жетістіктердің барлығы – сала қызметкерлерінің бірлескен жұмысының жемісі, – деген Сәлімжан Жұмашұлы  қажырлы еңбек етіп жүрген бір топ қызметкерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, облыс әкімінің Алғыс хатымен марапаттады.

%d0%b0%d0%b1%d1%8b%d1%80%d0%be%d0%b9%d2%93%d0%b0-%d0%b1%d3%a9%d0%bb%d0%b5%d0%b3%d0%b5%d0%bd2

Салтанатты шарада  ҚР Ауыл шаруашылығы  саласының «Еңбек ардагері» медалі  облыстық ауыл  шаруашылығы саласы ардагерлер кеңесінің  төрағасы Қосыбек Ырзағалиев пен Құрманғазы аудандық «Ақжонас» ЖШС директоры Мұқар Шаяхметовке берілді.

«Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісі Атырау қаласындағы «Жұмағалиев» жеке кәсіпкерлік басшысы Өтеміс Жұмағалиевке, Жылыой ауданындағы «Достан ата» және Махамбет ауданындағы «Дастан» шаруа қожалықтарының басшылары Сейітжан Балжігітов пен Қоныс Ермановқа, Құрманғазы ауданындағы «Сүйіндік» ЖШС директоры Бауыржан Исақұловқа табысталды.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің  Құрмет грамотасы  Индер, Исатай, Махамбет аудандарындағы «Райымбек», «Құрасов Р», «Наурыз» шаруа қожалықтарының  және Құрманғазы ауданындағы «Құрманғазы» сервистік-дайындау орталығының басшыларына, Қызылқоға ауданынан республикалық дәрежедегі зейнеткер Жасан Есқайыровқа берілді.

Агроөнеркәсіп кешенінің  бір тармағы – балық шаруашылығында ұзақ жылдар еңбек етіп, бүгінде құрметті еңбек демалысында жүрген бірқатар азаматтар «Балық шаруашылығы саласының  ардагері» медалімен марапатталды.

«Нұр Отан» партиясы Атырау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлыбек Ожаев бірқатар белсенді қызметкерге облыстық мәслихаттың Алғыс хатын тапсырды.

Мерекелік басқосуда сөз алған облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қатимолла Ризуанов атакәсіптің әлеуетін  дамытып, жетістікке жетіп жүрген еңбекшілердің қызметі қашан да ел ауызында екеніне тоқталды. Олардың еңбегіне табыстар тілей отырып, Социалистік Еңбек Ері Сақан Дәулетқалиев атындағы «Озат шопан» жүлдесін Құрманғазы ауданындағы «Құрманғазы» шаруа қожалығының аға шопаны Байболат Досмұхановқа табыстады.

Жылыой ауданындағы «Достан ата» шаруа қожалығының басшысы Сейітжан Балжігітов те өз кезегінде сахна төріне көтеріліп, мерейлі мерекеде еңбек адамдарын елеп, ел алдына шығарып жат-қан облыс басшылығына ризашылығын білдірді.

Кәсіби мерекеге арналған шара соңы өнерпаздар концертіне ұласты.

Нұргүл Ысмағұлова

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз