Жарнама
Жаңалықтар

КӘСІПКЕРГЕ КЕДЕРГІ БОЛМАУЫ ТИІС

 

Атырау облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Асылбек Жәкиевтің айтуынша, осы жылы аймақ кәсіпкерлерінен 1 143 шағым түскен болса, оның 253-і жазбаша тіркелген. Нәтижесінде, 133 мәселе кәсіпкерлер пайдасына ше-шіліпті. Олардың 41 млн. теңгеден астам қаржылық шығындары үнемделіп, кіріс мөлшері 700 млн. теңгеден асқан.

Жиында кәсіпкерлер өздері бастан өткерген қиындықтар туралы да ой бөлісті. Мәселен, индерліктер тиянақты жоспарлаудың жоқтығын, сонымен қатар, кепіл мүлігінің болмауына байланысты несие алудың қиындығын алға тартты. «Қазір біздің ауданда халықтың басқа жаққа қоныс аударуы жиілеп кетті. Басты себеп – жұмыссыздық.  Әкімшілік  кедергілер болмаса, ауылда кәсіпкерлікпен айналысушылар саны артып, тұрғындарға жұмыс орны табылған болар еді» , — дейді құрманғазылық кәсіп иесі Есболат Құбашев.

Кәсіпкер Бақыт Ысқақова «қала әкімі, сондай-ақ сәулет және жер қатынастары бөлімінің өкілдері тоқсанына бір рет кәсіпкерлермен кездесіп тұрғаны дұрыс»  деген тілегін жеткізді.

«Қазір салық және басқа қызметтерге қатысты мәселелерде көп қиындықтар туындамайды. Кәсіпкерге ісін ашу үшін жерін рәсімдеуге, құрылыс салуға рұқсат керек. Осындай құжаттарды алу үшін көп уақыт кетеді», деді ол.

Атырау облыстық кәсіпкерлер және жұмыс берушілер одағының төрайымы Әлия Бекқожиева тұрғындардың «Қаз-ТрансГаз Аймақ» филиалына алдын ала төлемдердің алынуына, техникалық қызметтің сапасыз көрсетілуіне байланысты наразылық білдіретінін айтты.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғұмар Дүйсембаев ай-тылған ұсыныстарға қатысты тиісті шаралар қабылданатынына тоқталып, «мен қала әкімінің айына бір рет сіздермен кездесетініне уәде беремін» деді.

Кездесуді қорытындылаған аймақтық палата басшылығы келесі жылы жүктелген міндеттермен қоса, мемлекеттік – жекеменшік әріптестік мәселелері, сондай-ақ отандық өндірістегі қазақстандық үлесті арттыру, инвестициялар тарту және бизнес субъектілері үшін қаржы көздерінің қолжетімді болуы басты назарда болатынын мәлімдеді.

Бағила САҒЫНДЫҚҚЫЗЫ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button