Президенттік сайлауға кандидаттарды тіркеу 11 мамырда аяқталады (+ВИДЕО)

21964 212 sailau z m res ne zh ru БЕЙНЕЖАЗБА

Atr.kz/ 11 сәуір, 2019 жыл. Қазақстан Президентінің кезектен тыс сайлауына кандидаттарды ұсыну 28 сәуірде аяқталады.

 Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров хабарлады.

Орталық сайлау комиссиясының ресми сайты таратқан мәліметке қарағанда, 2019 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы дауыс беруге құқығы бар 11 миллион 814 мың 019 азаматты Қазақстан Республикасының Сайлаушылар тізіліміне енгізген.


Президентікке кандидатқа  қойылған  талаптар:
– тумысы бойынша азаматтығы;
– соңғы 15 жылда Қазақстан Республикасының аумағында тұруы;
– жоғары білімі;
– 40 жасқа толған болуы;
– белсенді сайлау құқығы болуы;
– мемлекеттік қызметте немесе сайланбалы лауазымда кем дегенде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;
– мемлекеттік тілді еркін меңгеруі.
 

«ҚР Президентінің лауазымына кандидаттарды ұсыну сайлау тағайындалғаннан келесі күні, яғни 2019 жылғы 10 сәуірде басталып, ағымдағы жылдың 28 сәуірінде сағат 18-00-де аяқталады. Ал, Президенттік сайлауға кандидаттарды тіркеу 11 мамыр сағат 18:00-де аяқталады» –  деді спикер.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз