КӘСІПКЕРДІҢ ШЕБЕРЛІК САҒАТЫ
«Атырау мұнай-газ саласын оқыту орталығы» ЖШС ғимаратында шеберлік сағатын өткізген ол бастапқы капиталсыз да бизнес бастауға болатынын айтып, атыраулық жастарды жеке кәсіппен айналысуға шақырды.
Шеберлік сағатында Ахметбек Нұрсила бизнестің үш түрге, яғни сауда, қызмет көрсету және өндіріс деп бөлінетінін жеткізді.
— Бүгінде жеке кәсіппен айналысамын деген адамға кедергі жоқ. Мемлекет өзі қолдау білдіріп отыр. Оның үстіне, еш капиталсыз да бизнес бастауға болады. Ең жеңілі саудамен айналысу, кейін бизнесті меңгерген соң өндіріске кетуге болады. Егер бір тауар түрін сатумен айналысқыңыз келсе, сол елден арзан, сапалы тауар тауып бере аламыз. Сайт жасап, жарнама жасап, тауарды әкеліп береміз, — дейді кәсіпкер. Сондай-ақ, ол интернет сауданың тиімділігін баса айтып, қандай бизнес түрі болса да оны ғаламторға шығарудың маңыздылығына тоқталды. Оның айтуынша, әлеуметтік желілерді пайдалана отырып, жарнама жасаудың жаңадан бастаған кәсібіңнің аяққа тұруына ықпалы зор.
Рита ӨТЕУҒАЛИ.