Жаңалықтар
Кәсіпкер Тимур Турлов зардап шеккен атыраулықтарға көмектеседі
Қазақстандық кәсіпкер және қаржыгер, Freedom Holding Corp компаниясының иесі Тимур Турлов тасқыннан зардап шегіп жатқан Атырау облысына қаржылай көмек береді.
Бұл туралы Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев мәлімдеді, — деп хабарлайды облыстық жедел штаб.
Кездесу кезінде кәсіпкер Тимур Турлов «Демеу» қорына 1 млрд. теңге бөлгенін айтты.
-Осы қаржының белгілі бір мөлшерінің Атырау облысына жұмсалуын қадағалайтын боламын. Атырау халқымен біргемін, — деді кәсіпкер Тимур Турлов.