Жарнама
Жаңалықтар

Атыраулықтар жарықсыз қалмақ

6 наурыз күні қала аумағындағы бірнеше көшеде жарық болмайды. «Атырау Жарық» АҚ қалалық электр жүйелерінің хабарлауынша, электр желісіндегі авариялық жұмысты қауіпсіз жүргізу мақсатында 8 сағат жарықсыз отыратын мекен-жайлардың тізімін жариялады.

Сағат 09:00–17:30 аралығында Солтүстік өнеркәсіптік аймағы, Бейбарыс көш.1, ықш.ауд.5 км, Атырау–Астрахан тасжолы, Қызылбалық ауылының 4, 14, 16, Шекенов, Масалимов, Алтынғалиев, Дахиев көшелері, ал 10:00–14:00 аралығында Құрманғазы, Владимир мен Медиков көшелерінің тұрғындары жарықсыз қалмақ. Сонымен қатар, Ертіс өткелі, Доссор, Қарағанды, Майлин, Амандосов көшелерінің халқы 10:00–17:00 кезеңінде майшаммен отыруға тура келеді. Сағат 10:00-нан бастап 18:00-ге дейін Көркем ықшамауданындағы 27, 28, 29, 30, 31, 32, 33 үйлер, Майлин өткелі, Бейбарыс даңғылы мен Амандосов көшесінегі 42, 42/2 үйі, Құлмановтағы 135 үй, Төлебаев, Бигелдинов пен Сәтпаев көшесіндегі 19а үйі де тоқ көзінсіз қалады.

Малика Такежанова

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button