Жарнама
ЖаңалықтарЭкономика

«Қашағанда» мұнай өндіру қайта жанданды

Atr.kz/20 мамыр, 2019 жыл. Қашанғадағы мұнай өндіру жұмыстары жоспарлы мерзімнен 10 күн ерте жанданды.

Қашаған кенішіндегі техникалық қызметтің жоспарлы алдын алу шаралары уақытынан 10 күн ерте бітіп, мұнай өндіру жұмыстары қайта жанданды. Әзірге кеніште тәулігіне 70 мың баррель мұнай өндірілуде. Ал маусым айының басында өндіріс 100 пайыз күшіне еніп, тәулігіне 370-400 мың баррель мұнай алынбақ. ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаевтың айтуынша, техникалық қызметтің алдын алу шаралары 35 күннің ішінде сәтті аяқталған.

«Бастапқыда аталмыш жұмыстар 45 күнде бітеді деп жоспарлағанбыз. Министрлік пен мұнай компаниясының жеделдік танытуы арқасында 10 күн ерте аяқтадық. Осының арқасында жыл соңына дейін жоспардағыдан 3 млн баррель мұнай көп өндіретін боламыз». — дейді министр.

14 сәуірде Қашаған кенішінің операторы «Болашақ» зауыты мен «Д» өндірістік аралында күрделі жөндеу жұмыстарын бастаған болатын. Осыған байланысты кеніштегі мұнай өндіру жұмыстары толықтай тоқтатылған еді. Қазіргі таңда кеніште қондырғыларды іске қосу жұмыстары жүріп жатыр.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button