Жеті жастағы жеңімпаз

Olovyannye shahmaty Жаңалықтар

Ұлы Жеңістің қарсаңында Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде Ұлы Отан соғысының ардагері, ғылыми-педагогикалық қызмет пен спорттың дамуына зор үлес қосқан Ғабдрахман Айдаралиев атындағы ХІІ шахмат фестивалі өтті.

Olovyannye-shahmaty

Облыстық шахмат федерациясы ұйымдастырған жарысқа ардагердің немере інісі, «Асако Атырау» сауда мекемесінің басшысы Ерболат Айдаралиев, университет ректоры Абзал Талтенов, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Азамат Бекет қолдау білдірді. Оған біздің облыстан бөлек көршілес Маңғыстау, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарынан 130 адам сынға түсті.

– Мұндай дәстүрлі шаралар жастардың өрісін кеңейтіп, ойлау қабілетін арттырады. Бұл бос уақытты тиімді өткізу үшін өте пайдалы. Швейцар жүйесіне құрылған ойын тоғыз турдан тұрды.  «Рапид» номинациясы бойынша әр ойыншыға 30 минут уақыт берілді. Комбинациялық жүрістерге толы партиялар ойын көрігін қыздыра түсті. Ең жас ойыншы – №19 мектептің 1 сынып оқушысы Зарина Нұрғалиева кіші топтан үздік танылды. Ең үлкен ойыншы – 77 жастағы Қызылқоға ауданының Құрметті азаматы Амангелді Сақтағанов, – дейді сайыстың бас төрешісі, аталған федерацияның вице-президенті Сабырбай Гайсин.

Тартысты бәсеке нәтижесінде халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Азияның вице-чемпионы атыраулық Жәнібек Аманов жеңіске жетті. Ал, «НКОК» компаниясының қызметкері Есенболат Меңдалиев екінші және Жолдасқали Досмұхамбетов атындағы лицей оқушысы, спорт шеберлігіне кандидат Нұрбол Ғалымжанұлы үшінші орындарға жайғасты. Жеке аталымдар бойынша – ардагерлер арасында Бөкенбай Ағаша, қыздардан Қаныш Сәтбаев атындағы мектептен Жазира Боран мен Назарбаев зияткерлік мектебінен Диляра Ғабитова және жасөспірімдер арасында №17 мектеп-лицейінен Аят Абдуллаев марапатталды.

Амандық АБДОЛ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз