«Атамекеннен» түлеп ұшқандар

15127358 333542877025001 404115424 o Білім

Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде осы оқу орнының профессоры, өлкетанушы-тарихшы Амангелді Шамғоновтың «Атамекен» бірлестігі: ұйымдастырылуы, қызметі және нәтижелері» атты кітабының тұсаукесері өтті.

15127358_333542877025001_404115424_o

Кешті тарих ғылымдарының кандидаты Қылышбай Сүндетұлы жүргізіп отырды. Бір кездегі студенттер, Гурьев педагогика институтының түлектері – бүгінгі ғылым докторлары мен кандидаттары, профессорлар, мемлекет және қоғам қайраткерлері, мемлекеттік қызметкерлер. Олар жастық шақтың ұмытылмас сәттерін, «Атамекен» бірлестігіне мүше болып, тындырған жұмыстарын естеріне алды.

Осынау шараға ұйытқы болғандардың бірі – тарих ғылымдарының докторы, доцент, гуманитарлық ғылымдар Академиясының мүше-корреспонденті Аққали Ахмет. Ол өзіне тәлім берген ұстаздарды, институт қабырғасындағы кезеңдерін әңгімелей отырып, «Атамекен» бірлестігінің жұмысын қайта жандандыру керек деген ұсыныс айтты.

Қазіргі таңда саясат ғылымдарының докторы, Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының проректоры Киікбай Жаулин де ұстазы Амангелді Шамғоновқа алғыс білдіре отырып, аталмыш бірлестік жұмысын жалғастырудың маңыздылығына тоқталды.

15127595_333542863691669_1322859276_o

«Атамекеннің» алғашқы мүшесі, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері Аманғали Әміржанов өз өмір жолында осы үйірмеден алған білімінің қалай маңызды рөл атқарғанын айта келіп, студенттерді жақсы оқуға,  ғылымды игеруге табанды түрде жігермен кірісу қажеттілігіне тоқталды. Аталмыш кітаптың тарихшыларға ғана емес, бүкіл ұстаздар қауымына да берері мол екенін дәлелмен жеткізді.

Кешті қорытындылаған профессор, өлкетанушы-тарихшы Амангелді Шамғонов осы еңбекті жазудағы мақсаты өзінің іс-тәжірибесін жас мұғалімдермен бөлісу екенін айта отырып, бірлестік мүшелерінің қазіргі таңдағы жемісті еңбектері мен ғибратты ғұмырларын әңгімесіне арқау етті.

Гүлзада НИЕТҚАЛИЕВА.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз