izobrazhenie 2021 04 02 174412

Карантин жақындастырған жандар…

Жаңалықтар Қоғам
5 / 100
  • – «Сенсіз өмір сүре алмаймын!» деп жүретін жігітімнен көз жазып қалдым. Енді қайда барамын? Өзім болсам жүктімін. Мұны əке-шешем естісе, өлтіреді…
  • – Түу, қиын болған екен! Мен таныстарымнан осындай ауыр жағдайға кезіккен қыздарға көмектесетін «Аналар үйі» бар деп естіп едім. Мүмкін сонда барарсың?
  • – Оны қайдан табамын, телефонын да білмеймін… (Қос құрбының əңгімесінен)

Осылайша не істерін білмей, көшеде абдырап тұрған қос бойжеткеннің бірінің есіне таксиге отырып, «Аналар үйіне» жеткізуге қолқа жасау түседі. Жүргізуші де тəжірибелі екен, лезде қыздар сұраған мекен-жайға əкеліп салады. Бірақ, бұл былтырғы жаз, яғни COVID-тың нағыз асқынып тұрған кезі болғандықтан, аталған мекеме жабық, ешкімді қабылдамайтын болып шықты.

Есесіне психолог Гүлжан Сахилақызы жүкті болып қалған бойжеткеннің атаанасымен сөйлесуді өз мойнына алып, қыздарға сарыуайымға салынбауын сұрап, жылы қоштасады. Қатаңдатылған карантин мерзімі аяқталған соң бұл мекеме де қалыпты жұмысына кірісіп, əлеуметтіктұрмыстық қиындыққа ұшыраған қыздарды қабылдай бастайды. Уəдеге берік психолог көмек сұрап келген қызға телефон шалып, Аналар үйіне келуге болатынын айтты.

Осы сəтте телефонды қыздың анасы алып: – Сіздер біздің көзімізді аштыңыздар, сол үшін көп рахмет. Қызымыз аман-есен жеңілденді, кішкентайы бар. «Өлімнен ұят күшті» болса да, мына періште үшін бəріне көндік. Енді оны қимаймыз, үйде бола береді! – дейді.

Бұл жауапқа мекеме қызметкерлері де балаша қуанады. Өйткені, балаға оның ата-əжесіндей жанашыр, қамқор болатын адам жоқ. Аналар үйінің үйлестірушісі Гүлфариза Ғұбашеваның айтуынша, мұндай жағдайға тап болған қыздар үлкен күйзеліске түседі. Тіпті, кейбірі өзіне-өзі қол жұмсауға дейін барады. Сол себепті «болары болып, бояуы сіңген» соң, алтын уақытты құр айқай, ұрыс-керіс, дау-дамаймен өткізбей, өмірге келетін сəбиді күтуге, соны тəрбиелеуге арнауға кеңес берді. Жұмысын бастағанына 6 жыл болған Аналар үйін бүгінге дейін 198 əйел паналаған. Қазір мұнда Шымкент, Қызылорда, Ақтөбе, басқа да өңірлерден келген 9 ана баласымен тұрып жатыр. Олардың біразы жұмыс жасайды, сондықтан өз арасынан біреуін бала күтуші болуға белгілепті. Осы қыздардың дені – өзіміздің қаракөздер. Өзге ұлт өкілі бірен-саран, болғанның өзінде балалар үйінің т ə р б и е л е н у ш і л е р і .

Қ ы з д а р д ы ң білместікпен басқан шалыс қадамына жүрегің сыздайды. «Бала менікі емес!» деп, жауапкершіліктен жалтарған əкесымақтарды сотқа шақырып, əкесі екенін дəрігерлік сараптау жасап таныттық. Былтыр екі қызымызды көңілдері жарасқан жігіттеріне тұрмысқа бердік. Аналар үйін паналап жүрген жап-жас аналар осылайша өмірден өз орындарын тауып жатса, бізге де үлкен қуаныш! – дейді қоғамдық қор үйлестірушісі.

Міне, Атырау тағы да қызыл аймақта. Аналар үйі тағы да уақытша жабылды. Уақытша тұрып жатқан 9 сəби мен анасының қызуы көтерілсе, қаладағы №7 емхананың мобильді топ мамандары лезде барып қарайды. Тест тапсыртып, саулығын жан-жақты тексереді. Егер «Аналар үйінен» көмек керек болса, +7 747 311 41 16 телефонына қоңырау шалыңыз!

Лиза СЕЙТІМОВА

Алғысым шексіз

  • Мен – осыдан үш жылдай бұрын осы үйде тұрып кеткен ананың бірімін. Жігітім тастап кетіп, кіп-кішкене қызылшақамен далада қалып едім. Өздерінің ең жақын туысына қарасқандай, зор қамқорлық танытқан апаларға шексіз алғыс айтамын. Қазір жағдайым жақсы. Тұрмысқа шықтым, екі баламыз бар. Ата-анам да кешірім берді, араласып тұрамыз. Қыздарға айтарым, қандай қиындық болса да, балаларыңды тастамаңдар!

ƏЛИМА, 25 жаста, Батыс Қазақстан облысы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған