1 38

Индер ауданында тұратын малшыдан заңсыз қару тәркіленді (ВИДЕО)

Аудан хабарлары Жаңалықтар Қоғам

Атырау облысы, Индер ауданында тұратын малшыдан заңсыз қару тәркіленді. Бұл «Қару» жедел алдын алу іс-шарасы барысында анықталып отыр.

Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Индер ауданына қарасты Елтай селосы, «Сазды» учаскесінде мал бағып жүрген 1972 жылғы азаматтан рұқсат құжаты жоқ «ИЖ-56» екі ұңғылы аңшылық қаруы табылған.

Қазіргі уақытта қарудың иесін анықтау жұмыстары жүргізілуде. Қылмыстық Кодекстің 287-інші бабы, 2-інші бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталған.

Айдос Қарабала

Видео Атырау облыстық ІІД-нің Facebook-тегі парақшасынан алынған

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған