Бақытжан Сағынтаев «Ембімұнайгазда» болды

20180413172646 Жаңалықтар

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Атырау облысына жұмыс сапары барысында «Ембімұнайгаз» АҚ-да болды, онда өндірістік процестерді визуализациялау орталығының жұмысымен және «Цифрлық кен орны» жобасының жоспарларымен танысты, – деп хабарлайды Atr.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

20180413172646

«Ембімұнайгаз» АҚ басқарма төрағасы Ә.Жақсыбеков «Уаз» кен орны базасында 2016 жылы «Цифрлық кен орны» пилоттық жобасы іске қосылып, өз тиімділігін дәлелдегенін атап өтті. Жобаны енгізу электр қуатын тұтынуды 33%-ке қысқартуға, ұңғымаларды жөндеудің үлесті шығындарын 25%-ке азайтуға мүмкіндік берді.

2018 жылы «Жайықмұнайгаз» МГӨБ «Жаңаталап» кен орнында жүзеге асырылатын болады. 2019–2020 жылдары «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының басқа кен орындарына енгізу жоспарланып отыр. Жалпы алғанда, жобаны іске асыру мұнай өндіру көлемінің 3%-ке дейін өсуіне, мұнай өндіру (экономикалық) коэффициентін 2–5%-ке арттыруға және шығындарды 5–15%-ке азайтуға мүмкіндік береді.

Айта кету керек, «Зияткерлік кен орны» жобасы немесе «Цифрлық кен орны» — мұнай-газ саласының маңызды бағыттарының бірі. Сондай-ақ, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының іс-шаралар тізіміне қосылған.

Хорлан СМАДИЯР

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз