Карантин кезіндегі Ораза
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының шешіміне сәйкес, коронавирус инфекциясының таралу жылдамдығына байланысты «қызыл аймақта» тұрған облыстарда Тарауық оқылмайды. Бірақ, мешіттерде карантин талаптарын сақтай отырып, бес уақыт намаз оқыла береді, сенбі, жексенбі мешіт жабық болады.
Б ұ ғ а н қ о с а , о р а з а ке з і н д е мешіттерде әдеттегідей киіз үй құрылып, дастархан жайылмайды, яғни, мешіттерде ауызашар берілмейді. Орталық «Иманғали» мешітінің наиб имамы Арман Исаевтың айтуынша, бұл шара пандемияға байланысты, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қолға алынып отыр.
- – Ауызашар қоржындарын мешіттерге ақшам намазына келген жамағатқа таратып беру жоспарлануда. Егер жетімдер үйі, қарттар үйі сынды әлеуметтік нысандарда ауыз бекіткендер болса, ол азаматтар үшін арнайы тізім жасақтап, ауызашар қоржындарын жеткізіп отыратын боламыз. Осы ретте, ауызашар беруге ниетті азаматтар, мешіт қолға алып отырған «ауыза[1]шар қоржыны» жобасына да атсалыса алады, — деп нақтылады орталық «Иманғали» мешітінің наиб имамы.
М ұ қ т а ж о т б а с ы л а р ү ш і н қайырымдылық акциялары жоспарлы түрде карантин талаптарын сақтай отырып жалғасады.
Я ғ н и , м ү ф т и я т қ о л ғ а а л ғ а н «Қайырымдылық керуені» жобасы аясында, мұқтаж отбасыларды қолдау шара лары іске асады. «Атырау облысы бойынша барлық мешіттерде мұқтаж жандардың тізімі бар.
Егер мешіт тізіміне ілікпеген мұқтаждар болса, жеке басын куәландыратын құжатымен келіп, тізімге ене алады. Біз бұл отбасыларға көп жағдайда азық-түліктей көмек көрсетеміз. Қазіргі уақытта жоспар нақтыланып жатыр. Жалпы, қайырымдылық шаралары Рамазанда ғана емес, жыл бойына өткізілуде» деді Арман Исаев. Орталық «Иманғали» мешіті жанында Қайырымдылық мекемесі жұмыс жасайды. Бұл орталықтан мұқтаж жанұялар қажет киім-кешекті тегін ала алады. Өткен жылы Атырау мешіттерінің бастамасымен мүфтият жанындағы «Зекет» қоры арқылы, облыста 18 мұқтаж отбасы баспаналы болды.
Рамазан айына қатысты тағы бір маңызды мәселе – пітір-садақа беру. Оны онлайн форматта «Кaspi.kz» қосымшасы арқылы беруге болады. Биыл ораза 13 сәуірде басталды. Қасиетті Қадір түні мамыр айының 8-нен 9-на қараған түні. Отыз күн оразада берілетін пітір садақа көлемі – 420 теңге.
Баян ЖАНҰЗАҚОВА