Кандидатты қолдау шаралары заң шеңберінде жүреді
Аtr.kz/24 сәуір, 2019 жыл. Қазақстан Президенттігіне ұсынылған кандидат Қасым – Жомарт Кемелұлын қолдау үшін саяси кеңес мүшелері, партияластар «Сайлау туралы» заң шеңберінде үгіт-насихат жұмыстарын белсенді жүргізуге атсалысады дейді «Nur Otan» партиясы Атырау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлыбек Ожаев.
«Халықпен кездесуге, партиялық бағдарламамыздың негізгі міндеттерін түсіндіруге де ерекше назар аударылатын болады.
Жалпы, ұлттық дамудың негізгі бағыттары заңның үстемдігін қамтамасыз ету, отандық индустрияны дамыту, экономикалық өсімге қол жеткізу, кәсіби деңгейі жоғары мемлекеттік аппаратты қалыптастыру, Қазақстанда тұрып жатқан барлық ұлттар мен этнос өкілдері ынтымақты қарым-қатынасы, тату-тәтті тірлігі елдегі тұрақтылықты сақтауға негіз болары сөзсіз» деді спикер. Еске сала кетелік, кеше елордада «Nur Otan» партиясының кезектен тыс съезі өтті. Саяси форумға Атырау облыстық филиалының партия конференциясында сайланған 23 делегат қатысты.
Бақытжан ЖҰМАТ