МАХАМБЕТ ДОСМҰХАМБЕТОВ ҚКХП ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ БІРІНШІ ХАТШЫСЫН ҚАБЫЛДАДЫ

e845ba7b 97d6 4a98 bf3e b7590458ea48 Саясат

«Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Атырау облыстық филиалының бірінші хатшысы Ерболат Дәулетқазиевті қабылдады»,-деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Кездесуде өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму бағытында бірқатар мәселелер қозғалды. Аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов жасалып жатқан жұмыстарға тоқтала келіп, партия өкілін ел Тәуелсіздігінің мерейтойымен құттықтады.
Өз кезегінде Ерболат Дәулетқазиев өңір басшысының облыс үшін жасап жатқан жұмысына партия атынан алғысын білдірді.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз