АТЫРАУЛЫҚ – ӘЛЕМНІҢ ҮЗДІК ТӨРЕШІСІ АТАНДЫ! (+фото)

220207154837132e Жаңалықтар

Атыраулық Манап Қабдиев әлемнің үздік төрешісі атанды.

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады. Біріккен Араб Әмірлігінде өткен әлем чемпионатында IMMAF халықаралық аралас жауынгерлік жекпе-жек федерациясы 2021 жылды қорытындылап, әлемнің ең таңдаулы спортшылары мен төрешілерін анықтаған болатын.

2202071548290481g

«Атыраулық төреші Манап Қабдиев «Жылдың үздік төрешісі» аталымында үздік деп танылды. Ол 2014 жылы WMMAA санатында халықаралық дәрежедегі төреші атанған еді.

Сондай-ақ, 2019 жылы IMMAF санаты бойынша халықаралық дәрежедегі төреші атағына ие болды. Әлемнің Беларусь, Әзербайжан, Тәжікстан, Чехия, Оңтүстік Корея, Ресей, Макао, Бахрейн, Болгария секілді елдерінде өткен чемпионаттардағы жекпе-жектерге төрешілік етті» деп хабарлады облыстық спорт және дене шынықтыру басқармасының баспасөз қызметі.

2202071548281880g
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз