Жарнама
ЖаңалықтарЭкономикаҚоғам

«Қаламқастағы» апат: себебі мен салдары

Atr.kz/ 26 наурыз, 2019 жыл. ҚР Энергетика министрлігі «Қаламқас» кен орнының №8237 ұңғымасындағы төтенше жағдайға орай мәлімдеме жасады.

  • «2019 жылдың 13 наурызында Маңғыстау облысындағы «Қаламқас» мұнай-газ кен орнында «Си Бу» инженерлік бұрғылау компаниясы» ЖШС жобалық тереңдігі 903 метрлік №8237 ұңғымасын бұрғылау барысында газ-су қоспасы атқылап, төтенше жағдай орын алды. Аталған факті бойынша Энергетика министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциясы батыс өңіраралық басқармасы мен Маңғыстау облыстық экология департаменті «Маңғыстау мұнайгаз» АҚ-ға қатысты тексеру тағайындады. Тексеру қорытындысы бойынша Энергетика министрлігі шара қабылдайтын болады», — делінген таратылған ақпаратта.

Қазіргі уақытта оқиға орнында «Маңғыстаумұнайгаз»АҚ, «Си Бу» инженерлік бұрғылау компаниясы» ЖШС басшылығы, Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциясы батыс өңіраралық басқармасының өкілі жүр. Сонымен қатар оқиға орнынан Энергетика министрлігі мен «ҚазМұнайГаз» компаниясы орталық аппаратының өкілдері келген.

«2019 жылдың 24 наурыздағы жағдайға сәйкес мұнай атқылап жатқан жоқ. Төтенше жағдай салдары осы жылдың 24 наурызы күні кешке аяқталады деп күтілуде. ҚР ИНдустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Индустриалдық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті Маңғыстау облыстық аумақтық департаментпен бірге Қаламқаскен орнындағы апаттық жағдайды тергеу жүргізіп жатыр. Сонымен қатар апаттың себептерін және әрекеттері апатқа себеп болған тұлғаларды анықтау тапсырылды. Апатты тексеру комитеттің бақылауында тұр», — делінген таратылған ақпаратта.

Дереккөз: «Қазақпарат»

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button