Жарнама
Жаңалықтар

Әріптестің мерейі

ЭТНОЖУРНАЛИСТИКА САЛАСЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ «ШАҢЫРАҚ» ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ.

Байқау барысында Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметінің беделін арттыратын, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясатты кеңінен насихаттайтын, мемлекеттік тілдің қызмет аясын кеңейтуге және жас ұрпақты қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеуге үлес қосқан үздік авторлар іріктелді.

Байқау қорытындысы бойынша «Прикаспийская коммуна» газетінің тілшісі Анжелика Ли І орынды, облыстық «Atyraý» қоғамдық-саяси газетінің аға тілшісі Дәулетқали Аруев ІІ орынды, Құрманғазы аудандық «Serper» газетінің бас редакторы Айнагүл Шакупова III орынды иеленді.

Жүлдегерлер мен ынталандыру сыйлығының иелеріне «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы Ләззат Жылқышиева мен әділқазылар алқасының төрағасы, Журналистер одағы Атырау облыстық филиалының төрағасы Алма Қалусариева диплом және естелік сыйлықтар табыстады.

– Биыл бұл байқау сегізінші рет өткізіліп отыр. Журналистер қауымын шыңдай түсетін осындай шаралар алдағы уақытта да жалғасын таба беруіне тілекшіміз, — деді облыстың төл басылымы «Atyraý» газетінің аға тілшісі Дәулетқали Аруев.

Алмас БАУЫРЖАНҰЛЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button