Жарнама
ЖаңалықтарЭкология

Қаламқас кен орнында болған өрттен қоршаған ортаға 98,7 млн теңге шығын келтірілді

Atr.kz/ 12 сәуір, 2019 жыл. Қаламқас кен орында болған өрттен қоршаған ортаға 98,7 млн теңге шығын келтірілді.

Бұл туралы Энергетика министрлігіне сілтеме жасап, «Астана» телеарнасы хабарлайды. Зерттеу тобымен ауа, топырақ, және судан сынама алынған. Нәтижесінде ауаға формальдегид пен түтін, метан, аммиак, фенол тарағаны анықталды. Ал, топыраққа мыс пен темір шамадан тыс сіңген.

Тексеріс нәтижесінде облыстық Экология департаменті 4 бірдей әкімшілік іс қозғады. Айпұл көлемі 1,5 млрд теңгеден асады. Еске салайық, 25 наурызда «МаңғыстауМұнайГаз»-ға тиесілі «Қаламқас» кенішінде ұңғымалардың бірінде 900 шаршы метр аумақта биіктігі 10 метрге жететін грифон өртенді. Қызыл жалын үш күүнен соң әрең сөндірілді. 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button