Атырауда несие рәсімдеп беремін деп 6,3 млн теңгені иемденген шетелдікті ұстады

2020 09 09 423462d714c35a00c679c65412d8fdac original.56821 Жаңалықтар

Атыраулық полицейлер несие рәсімдеп беремін деп 6 300 000 мың теңгені иемденген шетелдікті ұстады.

22-23 маусым аралығында 35 жастағы Тәжікстан Республикасының азаматы Алматы қаласында болған кезінде 30 жастағы Құрманғазы ауданының тұрғынына қоңырау шалған. Азамат өзін ұлттық банк қызметкері ретінде таныстырып, алаяқтық жолмен жәбірленушінің 6,3 млн теңге қаражатын иемденіп алған. 

-“Бүркіт” арнайы жүйесі арқылы күдіктіге ҚР шекарасынан шығып, кіруге шектеулер қойылып, нәтижесінде азамат Шымкент әуежайынан ұсталды. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған.Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінге тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды, – деп хабарлады Атырау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасы, ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз