ОНЛАЙН: Жыршылар мен термешілер сайысы өтеді

Жаңалықтар Мәдениет

Аtr.kz/21 сәуір, 2020 жыл. Байқаудың басты мақсаты – тілінен бал тамған ақын-жырауларымыздың әндерін тамылжыта орындап, халыққа дәріптей алатын,құлақтың құрышын қандыра алатын термешілерімізді ұлықтау.

Ендеше,ұлы Абайдың «Әннің де естісі бар,есері бар» дейтін дана сөзі бар. Әуеннің иіріміне түскен толқын құлақтан кіріп,бойыңызға тараған кезде түрлі әсерде боласыз… Терме-бабалар тілегімен біте қайнасып,келер ұрпаққа мәңгі мұра қалдырушы, өмірлік мағынасы бар мұра…

Әннің әуені болса, терменің өзіне тән мақамы, өзіндік
үні,өзіндік сазы бар,естіген құлаққа жағымды,терең толғаныспен айтылатын жыр. Терме – қазақ поэмасының және вокалды ән музыкасының жанры. Термені орындайтын адамды термеші деп атайды. Термеші адамгершілік пен зұлымдықты, әділет пен әділетсіздікті, жаман мен жақсы мінездерді салыстырып жырлайды.

Осыны жеткізе білу-термешінің сиқырлы әуенінде деп білеміз. Тіпті сөзбен жеткізе алмай тұрған сезіміңізді сіз тыңдап отырған әуен жеткізе алады. Жан дүниенің нәзік қылдары әуенмен бірге толқиды. Бұл – жанның тыныштығы…

tdodo

Ақманар ЖИЕНҚҰЛОВА,

«Ғасырлар сыры» алаңының төрайымы, Атырау қаласы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған