Балабақша кезегіне байланысты берілетін жаңа жеңілдіктер жайлы

83055321 192199415507046 8557968550575210496 o Білім

Atr.kz/27 қаңтар, 2020 жыл. Биылдан бастап білім беру саласында заңнаманың елеулі өзгерістері орын алды және заңнама әрі қарай өзгереді.

Өздеріңіз білетіндей, «Педагог мәртебесі туралы» деген жаңа заң қабылданды. Және бұл заңның педагогтар үшін жеңілдіктерді көздейтінін де естіген боларсыздар. Оның ішінде, мектепке дейінгі ұйымға орын алу кезінде де.

Заңға сәйкес «Педагогтердің балаларына тұрғылықты жері бойынша мектепке дейінгі ұйымдардан орындарды жергілікті атқарушы органдар бірінші кезектегі тәртіппен береді». Жай тұжырым болғанымен, іс жүзінде нені білдіреді?

Заңда педагогтерге кімнің жататыны нақты белгіленген. «ПЕДАГОГ – педагогтік немесе тиісті бейіні бойынша өзге де кәсіптік білімі бар және білім алушыларды және (немесе) тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу, білім беру қызметін әдістемелік қолдау немесе ұйымдастыру бойынша педагогтің кәсіптік қызметін жүзеге асыратын адам».

Яғни, жеңілдікті алу үшін өтініш берушінің:

🔸біріншіден, кәсіптік білімі болуға тиіс;

🔸 екіншіден, білім беру ұйымында жұмыс істеу керек.
⠀Екі шарттың сақталуы міндетті.

Бұл орайда, аталған норманың әрекетіне жататын білім беру ұйымдарының тізімі шектелген:

🔹мектепке дейінгі білім беру ұйымдары;
🔹орта білім беру ұйымдары (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта);
🔹техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары;
🔹мамандандырылған білім беру ұйымдары;
🔹арнаулы білім беру ұйымдары;
🔹жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары;
🔹 балаларға қосымша білім беру ұйымдары;
🔹 әдістемелік кабинеттер.

Бұл ретте, білім беру ұйымының меншік нысаны маңызды емес. Мемлекеттік те, жекеше нысанындағы да білім беру ұйымдарының педагогтері осы жеңілдікті алуға құқылы. Алайда осы тізімде көрсетілген ұйымдардан басқа ешбір ұйымдарға қатысты бұл норма қолданылмайды.

Дереккөз: atyrauakimat

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз