Жарнама
Жаңалықтар

ӨНЕРЛІ ЖАСҚА – ӨРІС КЕҢ

Жиырма жылға жуық тарихы бар аталған білім ордасын биыл 53 шәкірт бітіріп отыр. Соның ішінде мектеп қабырғасында алған тәлімін талантымен ұштастырған түлектердің тоқсан пайызға жуығы түрлі деңгейдегі халықаралық, республикалық, облыстық байқаулардың жүлдегерлері атанған.

— Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жастардың саналы тәрбие мен сапалы білім алуына ерекше назар аударып, барлық жағдайды жасап келеді. Бұл бағытта облыста Елбасы тапсырмасын орындауда үлкен іс-шаралар атқарылуда. Жаңа мектеп, балабақшалар құрылыстары жүріп жатыр. Өткен оқу жылының ішінде екі мектеп, бес балабақша іске қосылса, биылғы жылдың бес айында екі балабақша пайдалануға берілді. Жыл аяғына дейін екі мектеп пен төрт балабақшаның құрылысы аяқталады деп жоспарлануда. Бұдан басқа бір мектеп- интернат пен бір балабақшаның құрылысы басталатын болады. Оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерін сатып алу үшін облыстық бюджеттен қажетті қаражат бөлініп, жаңа оқу жылында оқушыларды оқулықпен қамтамасыз ету мәселесі толығымен шешілді. Білім сапасын көтеру мақсатында да көптеген жұмыстар атқарылуда. Облыс көлемінде Назарбаев зияткерлік мектептерінің тәжірибесі таратылатын бес мектеп белгіленіп, оның екеуі мектеп-лицей статусына ие болды. Биылғы жылы облыста 78 оқушы халықаралық, республикалық олимпиадалардың, республикалық ғылыми жобалар байқауларының жеңімпаздары атанды. Біз олармен мақтанамыз, — деп аймақ басшысы Бақтықожа Салахатдинұлы өзінің де мектеп қабырғасында оқыған және студенттік жылдарын еске алып, жастарды білім алу жолында алға  ұмтылуға шақырды.

Биылғы 2014-2015 оқу жылында академия оқушыларының жеткен жетістіктері ұшан-теңіз. Төрт үлкен өнер ұжымы биылғы оқу жылында халықаралық байқаулардың бас жүлдесін иемденді.

Оқу орнының директоры Долорес Таскарина да ұстаздарға алғысын білдіріп, шәкірттерге ақ тілегін жеткізді.

Айгүл ЕРТІЛЕУ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button