Кәсіподақтар федерациясы Атырау облыстық филиалына жаңа басшы тағайындалды

K sipoda ta 1 Жаңалықтар

Кеше облыс әкімі Нұрлан Ноғаевпен кездескен кәсіподақтар федерациясының төрағасы Бақытжан Әбдірайым өңірлік кәсіподақ орталығының жаңа басшысы – Ізтұрған Баймұхановты таныстырды. Ол – ұзақ жыл мұнай-газ өнеркәсібінде еңбек еткен, басқарушылық тәжірибесі мол мұнайшы.

Кәсіподақта 1

Атырау мұнайлы өлке болғандықтан, осы саланы жақсы білетін адамның жергілікті кәсіподақ орталығына жетекшілік еткенін жөн санадық. Ал, жаңа басшыға аймақтағы мұнай-газ мекемелері мен мердігер ұйымдардың мәселелері таңсық емес, – деді Бақытжан Жарылғасынұлы.

Сондай-ақ, ол кәсіподақ қызметінің жаңа жұмыс кезеңіне көшкенін жеткізді. Мақсат – еңбек адамы мен кәсіподақ мүшелерінің мүддесін қорғау. Ұжымдық келісім-шарт ең алдымен, жұмысшылардың мүддесі үшін жасалуы керек. Олардың барлық талап-шарттары қанағаттандырылуы тиіс.

Осыдан кейін федерация төрағысы «Қазақстанның мұнай-газ салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Тілекқабыл Қабдолов пен «Ембімұнайгаз» акционерлік қоғамы бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Самат Орамаховқа «Астанаға – 20 жыл» мерейтойлық медалін табыс етті.

Өз тілшіміз.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз