Көшеттер күтімді қажет етеді
Құрманғазы ауданының орталығында кезекті тал егу акциясы ұйымдастырылды. Орталық саябақтарда жасыл желек жайқалып тұр. Тек енді күтіп-баптау ісі үзілмеуі тиіс.
Аудан әкімінің міндетін атқарушы Жандос Бектеміров осыны қаперге берді. Мұндағы көгалдандыру жұмыстарымен тендер байқауының жеңімпазы – жеке кәсіпкер Серік Баязитов айналысуды қолға алған. Ол Сафон ауылындағы орман алқабынан 300 терек әкелді. Сондай-ақ, ағаштарды суару мәселесін де шешіп берді.
– Бірер жыл бұрын Аққыстаудың ақсортаң топырағына да көшет отырғыздым. Қазір жақсы өсіп жатыр. Оның қасында Құрманғазының жері он есе құнарлы ғой. Күтімін келтіріп, минералды тыңайтқыштармен қоректендірсе, өспейтін өскін жоқ. Көктемде көгерген көк шөптің тамыры тереңге кетеді, — дейді кәсіпкер.
Аман ШАМАР.
Құрманғазы ауданы.