ҚҰРМЕТТІ АТЫРАУЛЫҚТАР, ҚАДІРЛІ ЖЕРЛЕСТЕР!

Сіздерді Ұлыстың Ұлы күні, жыл басы – Наурыз мерекесімен құттықтап, елімізге өркендеу мен тыныштық, баршаңыздың дендеріңізге саулық, бастарыңызға амандық тілейміз.

Наурызды халқымыз еңсесі биік елдіктің, қанға біткен ерліктің, іргесі сөгілмес бірліктің, берекелі тірліктің, ырыс пен ынтымақтың мерекесі деп атаған. Бұл күнді жұрт ақ тілеудің, пәк пейілдің күні деп,  бір-біріне жақсысын ұсынып, ақ сақалды аталар батасын берген.

Өткен жылды ой елегінен өткізсек, еліміздің әлеуеті мен қуаты еселеп артты, өркениетті бастамалар дәстүрімізбен сабақтасып, әлем көшіндегі айбарымыз асқақтай түсті. Әсіресе, Елбасы Жолдауы болашаққа деген сенімді, кемел келешекке деген нақты бағытты айқындап берді.

Биылғы жыл да – қазақстандықтар үшін өте жауапты жыл. Ұлы Жеңістің 70 жылдығы, Президент сайлауы, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямызға – 20 жыл сияқты өте маңызды мерекелер жылы. Бұл тәуелсіз еліміздің мерейін өсіріп, ел еңсесін көтеретін игі қадамдар болары сөзсіз.

Баршаңызды Наурыз мерекесімен тағы да қызу құттықтап, елімізге бейбіт өмір, әр отбасына қуаныш, шадыман шаттық тілейміз.

Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі мен Сенатының  Атырау аймағынан сайланған депутаттары.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз