ЖаңалықтарҚоғам
Көпфункциялы бейнекамералар орнатылады
Бейнебақылау камераларының көмегімен өткен жылы Атырауда 26 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, 52 қылмыс ашылған. Бұл туралы есеп беру жиналысында облыс әкімі Нұрлан Ноғаев мәлімдеді.
«2016 жылы 134 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық дерегі анықталды. 994 миллион теңгеден астам айыппұл салынып, оның 543 миллион теңгеден астамы өндірілді. Жүргізілген алдын алу шаралары нәтижесінде жол-көлік оқиғаларының санын 18,8%-ға төмендетуге қол жетті» деп атап өтті облыс әкімі Нұрлан Ноғаев.
Айта кеткен жөн, Атырау енді көпфункциялы бейнекамераларды орнатуды қолға алып жатыр.
Баян ЖАНҰЗАҚОВА.