Атырауда жеке көлікпен жүруге тыйым салынды

0000 COVID-19: Соңғы поштадан...

Аtr.kz/16 сәуір, 2020 жыл. Атырауда карантиннің созылуына байланысты, жеке автокөлікпен қала ішінде жүруге тыйым салынды.


Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Шапкенов осы мәселе бойынша қосымша түсінік берді.

  • Атырау облысы бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, карантин кезінде жұмыс жасауға рұқсат етілген кәсіпорындар персоналды алып жүруді тек қызметтік көлікпен қамтамасыз етуі тиіс. Жеке автокөлікті пайдалануға қатаң тыйым салынды.
  • Бұның ішіне кірмейтіндері – азық-түлік дүкендеріне тауар жеткізетін, дәріханалар желісіне дәрі мен медициналық өнімдер, қоғамдық тамақтану орындарынан (мейрамхана, бар, асхана және басқалары) онлайн жеткізумен айналысатын көліктер,-деді С.Шапкенов.

  • Сонымен қатар, автокөліктің әрбір жүргізушісі өзімен бірге қажетті құжаттарды алып жүруі тиіс – ұйыммен келісім-шарт және анықтама, жеткізу мекен-жайы, жеке куәлігі, тауар тасуға рұқсатын растайтын басқа да құжаттар.

  • Сондай-ақ, әкімнің бірінші орынбасары атап өткендей, ерекше жағдайларда жеке автокөлікті пайдалануға құқық қорғау және арнайы органдардың қызметкерлеріне құқық беріледі.
  • Егер бәрі өзінің көлігімен жүретін болса, карантин енгізудің мәні болмайды. Ертеңгі күннен бастап карантиндік режим күшейеді. Қаланың өмірін қамтамасыз ететіндерден басқалар толық оқшауланады. Барлығыңызды бұған түсіністікпен және жауапкершілікпен қарауды сұраймын,-деп атап айтты С.Шапкенов.

  • Полиция қызметкерінің заңды өкіміне немесе талабына бағынбағаны үшін, ҚР ӘҚБК-нің 476 бабына сәйкес (төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін) әкімшілік айыппұл немесе әкімшілік қамау қолданылады.
  • Сондай-ақ, құқық қорғау органдарының қызметкерлері ұсталған көлікті айыппұлдық автотұраққа жібере алады.
img 20200416 wa0143
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз