КҮН ТӘРТІБІНДЕ – ҚАУІПСІЗДІК
«Бізге жаңа әлемдік мәміле керек. Мемлекеттер саяси ерік-жігер танытуға және ортақ қауіпке қарсы күш біріктіруге тиіс» деген Елбасының сөздерінде ащы шындық жатыр. Себебі, мемлекеттердің жекелеген күресінің еш нәтиже бермейтінін өмір көрсетіп отыр.
Мәселен, бір ғана Сирия мәселесінде әр елдің пікірі әртүрлі. Белгілі бір мемлекеттер оны оппозицияның күш алуына, демократияға телісе, екінші мемлекеттер оны террористік шабуыл ретінде бағалауда. Ал, Сириядағы жағдай күн санап ушығуда. Бұл әлем ортақ көзқарас қалыптастырмайынша, проблемаларды толыққанды шеше алмайтынымызды көрсетеді. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың мәселе көтеруінің маңызы да, мәні де осында. Себебі, теріс ұғымдар, теріс көзқарастар көбейсе, теріс әрекеттерді қолдайтындар көбейеді. Ал, бізге ортақ позиция, ортақ ұстаным керек. Сондықтан, әлем радикалдық проблемалармен күрес мәселесінде ортақ ұстанымдар маңайына топтасады деп сенемін.
Еркінбек ШОХАЕВ,
Атырау облыстық дін істері
басқармасының басшысы.