Көші-қон заңнамасын бұзған шетелдік азамат елден шығарылды

ФОТО МИГРАНТ Жаңалықтар

Атырауда көші-қон заңнамасын бұзған шетелдік азамат елден шығарылды. Құқық бұзушылық туралы іс Махамбет аудандық сотында қаралған.

ФОТО - МИГРАНТ

Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлайды. Анықталғандай, Өзбекстан Республикасының азаматы биылғы жылдың жаз мезгілінде Бейнеу пункті арқылы Атырауға жеке мақсатпен келіп, 3 ай мерзімге дейін уақытша тіркелген. Кейін Махамбет ауданының Алмалы ауылына барып, жергілікті тұрғынмен  құрылыс жұмыстарын жүргізуге келіскен.

Сөйтіп, өзбекстандық азамат Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын өрескел бұзған. Сот отырысында шетелдік өз қателігін мойындап, ол жинақталған құжаттармен дәлелін тапты.

Нәтижесінде, сот қаулысымен өзбек жігіті Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 517-інші бабы, 2-інші бөлігімен кінәлі деп танылды және Қазақстан аумағынан әкімшілік жолмен шығарылды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген.

Айдос Қарабала

Фото islamdag.ru сайтынан алынған

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз