Жарнама
Жаңалықтар

КҮН СӘУЛЕСІНЕН ҚУАТ АЛАДЫ

Айталық, «ЭкопротекҚұлсары» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Асқар Секербаевтың айтуынша, Президентіміз жүктеген міндет негізінде алға қойылған энергетикалық инфрақұрылымды жаңғырту және дамыту, елімізді электр энергиясымен кідіріссіз қамтамасыз ету мақсатына сәйкес, осынау өнеркәсіпті аудан аумағында күн сәулесінен энергия өндіретін алғашқы станса салынбақшы.

Жобаны жүзеге асырушы кәсіпкер Асқар Мұхамбетұлы аталмыш стансаның қуаты алғашқыда 10 мВт болып, кейін күн сәулесінен электр энергиясын өндіретін бұл құрылғы бір мың үйді қуаттандыратынын, келешекте станса қуатын 20 мВт-қа дейін өсіру де жоспарда бар екенін мәлімдейді. Қазіргі кезде техникалық-экономикалық негіздемемен техникалық қадағалау орындарымен келісім жүргізілу үстінде.

Аудан әкімдігінің қолдауына ие болған бұл жобаға сәйкес, Құлсары қаласы маңынан ауқымы 20 гектар жер бөлініп, аталмыш нысан құрылысын 2015 жылдың наурыз айында бастау көзделіп отыр.

Кәсіпкердің айтуынша, жобаны іске асыруға берілген 10 млн. доллар көлеміндегі инвестицияны, яғни өз құнын он жылда толық ақтап шығуға мүмкіндік бар. Құрылыс жұмыстары келесі жылы басталған кезде, оған 100-150 адамға дейін жұмысшы күші жұмылдырылмақшы. Ал жоба іске қосылған кезде оған тұрақты жұмысқа тартылатын мамандар да аз болмайды.

Сайып келгенде, болашақта сұраныс артатын салалардың бірі қуат көздері екенін ескерсек, осынау жаңа инновациялық жобаның мән-маңызы, тиімділігі аса зор әрі пайдалы екеніне көз жеткізуге болады.

Қаржау ОРАЗБАЕВ,

меншікті тілшіміз.

Жылыой ауданы.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button