Ерлікпен қаза тапқан полиция сержанты Шалқар Ақымғалиев мемлекеттік наградаға ұсынылды

IMG 20190322 WA0084 1 Жаңалықтар

Atr.kz/ 8 сәуір, 2019 жыл. Бейбіт күннің батыры Шалқар Ақымғалиев жасаған ерлігі үшін мемлекеттік наградаға ұсынылды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің  баспасөз – қызметі хабарлады.

Қазақстанның бас полицейі Ерлан Тұрғымбаевтың тапсырмасы бойынша, бүгінде атыраулық полиция сержанты Шалқар Ақымғалиевті есте қалдыру шаралары полицияның барлық бөліністерінде жан-жақты жүргізіліп жатыр.

Өңірлік полиция департаменттерінде патриоттық тәрбие сағаттары өткізілуде, соның аясында батыр туралы бейнероликтер түсіру жұмыстары ұйымдастырылып, қызметкерлер Шалқар Ақымғалиевке жыр жолдары мен музыкалық шығармаларын арнап жатыр. Күні кеше Атырауда Шалқар Ақымғалиевтың рухына арналған көкпар өтті.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз