52313859 2368195023400875 1765548763465646080 n 1

IWAS – 2019: атыраулықтар 2 алтын, 2 күміс және 4 қола медаль иеленді (+ ФОТО)

Жаңалықтар Қоғам

Atr. kz / 19 – ақпан. Біріккен Араб Әмірлігі мемлекетінің  Шардже қаласында бүкіләлемдік IWAS – 2019 ойындары өтіп, аталмыш байрақты додада  сынға  түскен  атыраулық үстел теннисшілер  2 алтын, 2 күміс және 4 қола медаль еншілеп қайтты.

Жұптық сайыста алматылық Курпетаевпен бірге өнер көрсеткен жерлесіміз  Али  Махулбеков турнир барысында тамаша ойын өрнегімен ерекшеленіп,  қарасыластарынан басым түсіп отырды. Осылайша, олар дүбірлі жарыстың чемпионы атанды. Атыраулық спортшы сонымен қоса жекелей сында да алдына жан салмай екінші мәрте алтын медальді мойынына тақты.  

tennis Dubaj
Атыраулық чемпиондар

Ал, жұптық сайыста  Қостанай және Павлодар спортшыларымен бірлесіп шыққан Берекет Ақжігітов ақтық сында ғана есе жіберді. Тағы бір күміс медальді жекелей сында теннисшіміз Ерлан Қазиев иемденді.

Сондай-ақ, қола медальді жекелей жарыста Али Махулбеков, Кенгес Конгиев, Берекет Ақжігітовтер, жұптық сында  Ерлан Қазиев мен Кенгес Конгиевтер  қанжығаларына байлады.

Гүлнар Иманалиева жаттықтыратын бұл спортшылар бүгінгі күні елімізде бірегей арнайы нысан болып саналатын облыстық мүгедектер спортық клубында дайындалып жүр.

52813706 2368194290067615 7236163266827780096 o
52293342 2368193680067676 9094802354057773056 o
52420978 2368194660067578 2836854589389537280 o
52313859 2368195023400875 1765548763465646080 n
52014069 2368193943400983 7715162556825862144 n
51942520 2368193293401048 4523607771173617664 o

Мұратбек ЖАҢАБАЙ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған