Жарнама
Қоғам

ДОСТЫҚ ТУЫН ТІККЕН ЖЕР

— ХІХ ғасырдың екінші жартысында Қазақстанға ұйғырлар мен дүнгендер, Столыпин реформасы кезінде орыс переселендері, отызыншы жылдары кәрістер, ал Ұлы Отан соғысы жылдарында Солтүстік Кавказ халықтары, Ресей немістері мен қалмақтар қоныс тепті.  Бүгінгі күні Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Ең бастысы, бізде әр адамның еңбегіне қарай бақуатты өмір сүруіне, алаңсыз жұмыс істеуіне барлық жағдай жасалған, — деген «Тхоньил» кәріс этномәдени бірлестігінің жетекшісі Людмила Ли қандаймақиыншылықты бастан өткерсек те, қазақстандық болып табылатын өзге ұлт өкілдерінің этникалық бірегейлігін, салт-дәстүрін сақтауға негізделген ұлтаралық татулықтың  үлгісі қалыптасқанын айтты.

Жиын барысында Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары — хатшылық басшысы Еркін Қадырғалиевтің айтып өткеніндей, қазақ жерінде ортақ тарихи тағдыры тоқайласқан барлық этнос азаматтарын   ауызбіршілік біріктірді. Осы жылдар ішінде заманауи мемлекет ретінде Қазақстанды құруда үлкен прогреске қол жеткізілді. «Бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып», жасампаздыққа жұмыла білген ел дамудың даңғыл жолында келеді.

Қай заманда да кез келген мемлекет халқының бақытты болуы үшін алдына белгілі бір мақсаттар қойған. Ол мақсат егер заң жүйесімен, шынайы демократиялы Конституция арқылы жүзеге асатын болса, сол мемлекеттің болашағының жарқын да зор болатыны сөзсіз. Осы бағытта ойын ортаға салған «Новруз» әзірбайжан этномәдени бірлестігінің жетекшісі Эльдар Ахмедов демократияға негізделген Конституция әрбір елдің өз ерекшелігіне сәйкес басты ұстанымдарын ұстау керектігіне тоқталды.

«Дөңгелек үстелде» сөз сөйлеген профессор Қадір Жүсіп сол бір қиын-қыстау заманда депортацияға ұшырап, шет елге қоныс аударған өзге ұлт өкілдерінің балаларымен бірге ойнап, өскенін еске алды. 

Сондай-ақ, тарих ғылымдарының кандидаты, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Анатолий Блохин де Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлі мен беделін көтеру мақсатындағы өзіндік ойларымен бөлісті.

Рита ӨТЕУҒАЛИ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button