IT стартаптарға арналған Atyrau Energy Challenge кейс-чемпионатының 3 жеңімпазы анықталды

2606b931 3793 4619 b461 cbfe4f420bde Жаңалықтар

2021 жылдың 25 қарашасында Atyrau Energy Challenge – мұнай-газ саласындағы стартап жобалар байқауының финалы өтті.

Challenge Атырау облысы әкімдігінің, Атамекен ҰКП, Ayacom, ТШО, Astana HUB және Apec Petrotechnic жоғары колледжінің қолдауымен, Atyrau HUB Инновациялар орталығы мен Халықаралық акселераторы және «Petrocouncil» қауымдастығымен бірлесіп ұйымдастырылды.

Нұр-Сұлтан, Алматы, Атырау, Қостанай, Павлодар, Орал, Шымкент, сондай-ақ Түркістаннан барлығы 130 өтінім қабылданды. Жоғарғы дәрежелі менторлармен бір жарым апта қарқынды жұмыс атқарылғаннан кейін финалға ең үздік шешімдерді ұсынған 8 команда таңдап алынды.

Байқау қорытындысы бойынша бірінші орынды Нұр-Сұлтан қаласынан келген Oil Engineers командасы жеңіп алды. Команда қатысушылары – қазіргі уақытта бизнес пен IT мамандықтарында белсенді дамып келе жатқан Қазақстан-Британ Техникалық Университетінің түлектері. Екінші орынды АҚШ-тың Иллинойс штатында орналасқан Иллинойс университетінде, сондай-ақ Швейцарияның Лозанна қаласында орналасқан Ecole Hotelier de Lausanne университетінде шетелде оқитын 2 студенттен құралған MÖR студенттер командасы иеленді. Ал үшінші орынға IT-технологиялар мен бизнес стратегиялар саласында дамып келе жатқан Astana IT University – NBS студенттері жайғасты. Байқаудың жүлде қоры 1 миллион теңгені құрады.

«Биыл біз жұмыстарды барынша нәтижелі форматта ұйымдастырдық. Бір жарым апта ішінде мықты сараптамалық менторлық қолдаумен стартаптар шешім бойынша идеяларды генерациялаудан бастап нағыз бизнес модельдерді құруға дейін үлкен жолды жүріп өтті, тіпті кейбіреулер прототиптерді жасап үлгерді. Кезең бойы біз әр команданың жетістіктерін мұқият қадағаладық. Біз серіктестермен бірге жүлде қоры қатысушылардың жобаларын дамытуға алғашқы инвестиция ретінде қызмет еткенін қалаймыз. Кейбір командалар біздің Хабқа резиденттікке шақыру алады», – дейді Атырау Хаб директоры Юлия Ким.

b184a30d 6816 4f15 b3c1 b710636f78ed

Финалдың жазбасын біздің YouTube каналымыздан мына сілтеме бойынша көруге болады:

Facebook, Instagram әлеуметтік желілеріндегі парақшаларымыздан (@atyrauhub) біздегі жаңалықтарды біліп отырыңыз

Конкурс туралы толығырақ 

https://clck.ru/YdwgE сайтынан білуге болады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз