Ит пен сиыр құдықта қалып қойған

20181026134951 1 Жаңалықтар

Атырау қаласының маңындағы Курилкино елдімекенінде ит пен ірі қара құдықта қалып қойған. Жануарларды Батыс өңірлік аэромобильдік жедел құтқару жасағының қызметкерлері құтқарды.

20181026134951 - копия

Аталған жасақтың баспасөз қызметінде хабарланғандай, ауыл тұрғынынан тереңдігі үш, кеңдігі бір жарым метр болатын құдықта сиыр жатқаны жөнінде хабар жеткен. Құтқарушылар оны арқан арқылы ешқандай жарақатсыз шығарып алған.

Ал, Авангард ықшамауданында аузы ашық, суға толы кәрізге ит түсіп кеткен. Құтқарушылар оны да бес минут ішінде құтқарып алды. Жалпы алғанда, жыл басынан бері осыған ұқсас 14 шақырту түскен екен.

20181026134951

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз