Жарнама
Жаңалықтар

ІСКЕРЛІК КӨЗІ – ІЗДЕНІСТЕ

Атырауға елшінің бұл алғашқы сапары екен. Ол өз сөзінде екі жақты келісімді, ынтымақтастықты нығайту мақсатында Қазақстанның әр өңірімен байланыс жасауға әзір екендіктерін жеткізіп, бірнеше жобалар дайындап жатқандықтарын айтты. 

— Оулу – Финляндиядағы шағын қаланың бірі. Мұнда халықтың отыз пайызы – жоғары білімді. Бізде мұнай да, газ да жоқ. Сондықтан, адами капиталды пайдалана отырып, жаңа идеялардан жобалар дайындаймыз. Оулуда ғаламтор желісі өте жақсы дамыған. Қала тұрғындарына арнап тегін бұқаралық интернет жүйесі енгізілді, — деп  қаланың аймақтық инновациялық жүйелерімен таныстырған Оулу қаласы мэрінің аға кеңесшісі Петри Каринен «Аtyrau i-city» жобасын ұсынды. Оның айтуынша, бұл жобаның Атырауға тигізер пайдасы зор. Ең бастысы, аймақта туризм саласын және IT-инфражүйесін дамытады. Аталған жобаны Атырауда іске асыруға финляндиялық компаниялар ниет білдіріп отыр екен.     

Облыс басшысы бұл жоба қызығушылық тудырғанын айтып, ұсынысты тиісті мамандармен талқылап, жуық арада шешімін беретінін жеткізді. 

Финляндия ең таза су құбыры жүйелерімен ерекшеленетіні белгілі. Соған сәйкес, облыс әкімінің орынбасары Тимуржан Шәкімов финляндиялық делегацияны осы бағытта да іскерлік келісімге келуге шақырды. 

— Финляндияда таза ауыз су мәселесі толықтай шешілген. Су тазарту қондырғыларымыз да өте сапалы. Тәжірибемізбен бөлісуге, келісімге келуге ынталымыз. «Атырау Су Арнасы» КМК жұмысымен танысып, ұсынысымызды береміз, — деді Финляндияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Илкка Рэйсэнен.    

Айгүл ЕРТІЛЕУ.

Суретті түсірген

 Ерлан АЛТЫБАЕВ. 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button