«Атырау» – сегізінші орында

«Атырау» – сегізінші орында Жаңалықтар

«Атырау» футбол клубы «дағдарыстан» шыққандай. Соңғы екі ойында «Оқжетпес» пен «Тобыл» командаларымен кездесуде «атыраулықтар» алты ұпайды еншіледі. Айта кетсек, екінші айналымдағы бұған дейінгі он ойында Сергей Павловтың шәкірттері тек екі рет қарсыластан басым түсіп, үш матчта тең ойнады.

«Атырау» – сегізінші орында

Көкшетаулық командамен ойын 2:1 есебімен аяқталды. Сәуірде өтуі тиіс болып, стадионымыздың дайын еместігі себебінен кейінге қалдырылған бұл кездесудің қызығы сол, біздің де, көкшетаулық ұжымның да ұпай саны бірдей – 18 ұпай болатын. Сол себепті де, қос команда үшін бұл ойында жеңіске жету ауадай қажет еді. Абырой болғанда, «мұнайшылардың» айы оңынан туып, жеңіске жетті.

Ал, қостанайлық «Тобылдың» қақпасына салған Сикимичтің голы командамыздың қоржынына тағы үш ұпай салды. Есеп: 1:0.

Осылайша, басты бақталастарын қапы қалдырған «атыраулықтар» 24 ұпай жинап, турнир кестесінде  сегізінші орынға орналасты.

Өз  тілшіміз.

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз