
Исатайдағы көппәтерлі тұрғын үйлерге күрделі жөндеу жүргізіледі
Исатай ауданы Аққыстау ауылында екі көппәтерлі тұрғын үй, ал Томан елді мекенінде төрт үйге жүргізілетін күрделі жөндеу жұмыстарының жобасы жасақталуда.
Бұл туралы аудандық ТҮКШ, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Ерболат Махашов мәлім етті, — деп хабарлайды Өңірлік коммункациялар қызметі.
-Күрделі жөндеуге шатырын, подъездің есік-терезесін ауыстыру, жарын қаптау жұмыстары кірмек. Сонымен қатар Тұщықұдық ауылында көппәтерлі үш тұрғын үй апаттық жағдайда деп танылып, тұрғындарға ауылдан баспана алып беру жұмыстары жүргізілуде. Аққыстау ауылында жеті соқа ауыстыру жұмыстары жүргізіледі, бүгінде соған байланысты конкурс жариялануда,-деді Е.Махашов.
Бөлім басшысының сөзінше, бұл жобалар аудан халқының өмір сүру сапасын арттыруға және ауыл инфрақұрылымын дамытуға бағытталған.