Атыраудағы медициналық мекемелерге 1 млрд астам теңгеге тегін дәрі берілді

3 COVID-19: Соңғы поштадан...

Аtr.kz/20 сәуір, 2020 жыл. Атырау облысы әкімшілік орталығының медицина мекемелеріне 1 млрд астам теңгеге тегін дәрі-дәрмек берілді.

«СК Фармация» ЖШС Атыраудың медицина мекемелеріне бұған дейін 345 млн теңгеге жіберілген дәрі-дәрмектерге тағы да қосымша 876 млн теңгеге түрлі дәрі-дәрмектер жіберді.

«Дәрі-дәрмектер стационарларға, сондай-ақ диспансерлік есепте тұрған адамдарды рецепт бойынша дәрімен амбулаториялық қамтамасыз ету мақсатында медициналық мекемелерге жеткізілді.
Емделушілер дәрі-дәрмекті тегін алады.

Бұл міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың тегін кепілдендірілген медициналық көлемі аясында берілді», — деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз