
Жаңалықтар
Исатайда дене шынықтыру және сауықтыруға арналған қос кешеннің құрылысы басталады
Исатай ауданындағы Нарын және Зинеден ауылдық округтерінде дене шынықтыру және сауықтыру кешендері бой көтереді, — деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Нысандар заманауи құралдармен жабдықталып, медициналық және жаттықтыру кабинеттерімен толықтырылмақ.
-Спорт кешендердің құрылысы сәуір айында басталып, 2025 жылдың қарашасында аяқталады деп жоспарланып отыр. Нарын ауылына мердігер мекеме «Атырау Эксперт Проект» ЖШС болып анықталса, Зинеден ауылдық округінікі — «Батыс Котло Монтаж» ЖШС, — деді Исатай аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Алтынбек Қуанғали.

Айта кетейік, мұндай спорт кешендері Аққыстау, Тұщықұдық, Х.Ерғалиев, Исатай ауылдарында салынған. Сондай-ақ ауданда 29 спорт алаңы бар.