Жарнама
Жаңалықтар

Исатай ауылында 300 орындық мәдениет үйі, Нарыннан балабақша салынады

«Қазіргі таңда аталған нысандардың құжаттамасы сараптамадан өтуде» деп хабарлайды Atr.kz

Исатай ауданының әкімі Марат Мурзиевтің айтуынша, жоспарлы нысандардың қатарында нақты бес жоба бар. Яғни, Нарын ауылындағы 80 орындық балабақша, Исатай ауылындағы 300 орындық мәдениет үйі, Х.Ерғалиевте ауылішілік жол, Аққыстау ауылына бейнебақылау және бағдаршам жүйесі, сонымен бірге 7 ауылда мал моласының құрылыстары.

«Бұған қоса, Аққыстауда үш қатарлы 60 пәтерлік 2 тұрғын үйдің инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымы (ток,су, газ, жол), 4 ауылда электр желісі (Томан,  Нарын, Жанбай, Қызыл үй), Нарында газ желісі, 2 ауылда су желісі (Нарын, Қызыл үй) құрылыстарының құжаттамасы жасақталып жатыр» деді  Исатай ауданының әкімі Марат Мурзиев өткен жылы атқарылған жұмыстар есебін баяндаған онлайн брифингте.

img 20210209 wa0039
img 20210209 wa0041

Баян ЖАНҰЗАҚОВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button