Атырау қаласына жаңа әкім тағайындалды

WhatsApp Image 2018 06 28 at 12.02.04 2 Жаңалықтар

Бүгін Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев қалалық мәслихат депутаттарына Атырау қаласының жаңа әкімінің кандидатурасын ұсынды. Басқа қызметке ауысқан Серік Шапкеновтың орнына Әлимұхаммед Құттымұратұлы келді, деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.

WhatsApp Image 2018-06-28 at 12.02.04 (2)

Аймақ басшысы айтқандай, Әлимұхаммед Құттымұратұлының көп жылғы еңбек өтілі бар, әр түрлі салаларда басшылық лауазымдар атқарды. Кандидатурасы ҚР Президенті Әкімшілігімен келісілген. Депутаттар жаңа әкімнің кандидатурасын бірауыздан қолдады.

Жиынында аймақ басшысы Серік Шапкеновке атқарған жұмысы үшін алғыс айтып, шаһардың жаңа басшысына нақты тапсырмалар берді.

Айта кетейік, Әлимұхаммед Кұттымұратұлының экономика, құқықтану мамандықтары бойынша екі жоғары білімі бар. Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының MPA (Master of Public Administration)бағдарламасының магистранты.  Мемлекеттік қызмет пен жеке секторда үлкен тәжірибесі бар.

Еңбек жолын коммерциялық құрылымдарда бастаған. Атап айтсақ, 2008 – 2012 жылдары жергілікті атқарушы органдар жүйесінде әр түрлі қызметтер атқарды. 2012- 2016 жылдары Орал қаласы әкімінің орынбасары, Атырау облысы әкімі аппаратының жетекшісі, Атырау облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы болды. 2016 жылдың мамырында Махамбет ауданының әкімі болып тағайындалса, 2017 жылдың тамыз айынан бүгінге дейін Атырау облысы Жылыой ауданының әкімі қызметін атқарды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз