«Сайлаудан күтілер нәтиже көп»

img 20201212 010554 Жаңалықтар

Санаулы күндерден соң сайлау науқаны өз мәресіне жетеді. Осыған орай, маңызды шараның негізгі ерекшеліктері мен күтілер нәтижелер туралы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің кафедра меңгерушісі, философия ғылымдарының докторы Өмірбек Бекежанның пікірін білген едік.

1. Биылғы сайлаудың басты ерекшелігі неде?

2. Саяси науқан еліміздің сайлау жүйесіне қалай әсер етуі мүмкін?

3. Жаңадан жасақталатын депутаттық корпустан не күтіледі?

1 Мемлекет тарихында тәуелсіздік алғаннан бері өткізіліп отырған Парламенттің сегізінші сайлауының өзіндік ерекшелігі ретінде бірнеше фак-тор аталып жүр. Біріншіден, сайлаудың кезектен тыс емес, яғни, кезекті болуы. Екіншіден, пропорционалдық жүйе бойынша, әйелдер мен жастар үшін 30 пайыздық квота қарастырылуы. Үшіншіден, партиялық тізім бойын-ша дауыс беру. Тағы бір ерекшелік – сайлаудың әлемдік індет кезінде өткізілуі. Бұл тұтастай сайлау процесі үшін де, сайлаушылар мен билік үшін де сын. Сонымен қатар, осы жолы тек сайлау өткізу тәртібі ғана емес, жұмыс кезінде де бірнеше өзгерістер болатыны айтыл-ды. Соның ең бастысы, Парламенттік оп-позиция институтының болуы және оған бірнеше мүмкіндіктердің берілуі деп есептеймін. Әрине, оны уақыт көрсетеді.

2 Осынау саяси науқан елімізде қалыптасқан сайлау жүйесіне бірнеше жақтан әсер етуі мүмкін деп болжауға болады. Соның ішінде билік партиясы өткізген праймериз фактісінің өзі партияішілік болғанына қарамастан, елдегі демократиялық сипаттағы үрдістерді қалыптастыру және дамы-ту тұрғысынан белгілі бір дәрежеде қоғамдық сана мен азаматтардың белсенділігіне, басқа партияларға оң ықпал етті деп санаймын. Биылғы сайлаудағы дауыс берудің мажоритарлық жүйеден пропорционалдық модельге көшуі саяси партиялардың дамуына, олардың қоғамдық процестерге кеңінен ықпал етуіне мүмкіндік береді.Сонымен қатар белсенді тұлғалардың, саяси қайраткерлердің белгілі бір парти-ялар төңірегіне топталуы саяси пар-тиялар қызметінің күшеюіне жағдай жасайды деген үміт бар. Сондықтан осы сайлаудан күтілетін бір нәтиже осы, егер ол демократиялық талаптарға сай, ойдағыдай өтсе еліміздегі саяси сайлау жүйесіне және демократиялық институттардың дамуына оң ықпал етері сөзсіз. Жоғарыда атап өткенімдей, сайлау жүйесіне тағы бір сын болатын фактор – пандемия. Белгілі бір шектеу-лерге және сынға қарамастан сайлаудың нәтижелі болуы енгізіліп отырған сай-лау парадигмасының өміршеңдігін дәлелдер еді.

3 Жаңадан жасақталатын депутат-тар корпусына деген қоғамның және саяси күштердің талабы мен үміті осыған дейінгі депутаттар корпусына де-ген сыни пікірлер мен жалпы сайлаушы-лар көзқарасының қаншалықты өзгеріске ұшырауынан белгілі болады. Оны да уақыт көрсетеді. Дегенмен, қазірдің өзінде оның негізгі алғышарттары ретінде, Президент жариялаған «Беделді парламент» ұстанымына сәйкес келуі, партиялық фракциялардың белсенді қызмет атқаруы, парламенттік оппозиция институтының шынайы түрде ықпалды факторға айналуы, биыл арнайы квота алып отырған депутаттардың өздеріне деген сенімді ақтауы деген сияқты та-лаптар бар.Менің ойымша, депутаттар корпусындағы тәуелсіздік дәуірінде азаматтық позициялары қалыптасқан депутаттардың мемлекетшілдік, патриоттық ұстанымдары елдің саяси-әлеуметтік дамуына жаңа импульс бер-мек.

Дайындаған Гүлжан ӘМІРОВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз