Енді Атырауда да инклюзивті қолдау кабинеті бар (+ФОТО)

whatsapp image 2020 12 15 at 09.21.23 Жаңалықтар

Атырау қаласындағы Боран Нысанбаев атындағы орта мектепте инклюзияны қолдау кабинеті ашылды, деп хабарлайды облыстық білім беру басқармасының баспасөз қызметі.

Аталмыш мектепте ерекше білімді қажет ететін​ 6 оқушы оқиды, олардың әр біріне педагог-ассистент қолдау көрсетеді. Сонымен қатар, дефектолог, логопед, психолог, кабинет жетекшісі штаттары ашылған.

Инклюзивті қолдау кабинетінің ашылу салтанатына ​ облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова қатысты.

«Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша, елімізде «Қамқорлық» бастамасы іске асырылуда. Бастама шеңберінде бірінші кезекте ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған арнайы мекемелердің жетіспеушілігі мәселесін шешу, сондай-ақ, оларды кадрлармен және қажетті жабдықтармен қамтамасыз ету міндеті қойылды.  «Қамқорлық» бастамасын іске асыру үшін 8 өңір таңдалды. Оның ішінде Атырау қаласы да бар. Жол картасына сәйкес, «Қамқорлық» бастамасын Нұрсұлтан Назарбаев Қоры Үкіметпен, өңір әкімдіктерімен және​ «Самұрық-Қазына» компаниясымен бірлесіп іске асырады. «Қамқорлық» бастамасының арқасында ерекше білім беру қажеттіліктері бар​ үйде оқитын балалар мектеп ортасына бейімделеді», деді Бақытгүл Қайыржанқызы.​

Инклюзивті қолдау кабинетінде​ психологиялық дамуында аутизм белгілері бар балаларды АВА әдісі бойынша оқыту көзделген. Педагогтардың сүйемелдеуімен оқушыларды қалыпты балалардың қатарына қосу орталық ​ мамандарының мақсаты. Арнайы сыныптарда​ дефектолог, логопед, педагог-ассистент мамандығы бойынша 41 маман ерекше балалармен жұмыс жасау үшін арнайы курстардан өтіп, біліктіліктерін арттырған. ​ ​ ​ ​

​ ​​Айта кетелік, облыста ерекше білімді қажет ететін ​ 6653 бала бар.

whatsapp image 2020 12 15 at 09.21.21
whatsapp image 2020 12 15 at 09.21.22
whatsapp image 2020 12 15 at 09.21.24
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз