АҚШАҒАЛАДА АРДАГЕРДІҢ КӨШЕСІ БАР 

a221a4e1 363f 4420 85b5 2c05143087f8 Жаңалықтар

Атырау қаласының «Ақшағала»  шағынауданындағы №2 көшеге Ұлы Отан соғысының ардагері Жәлен Төлеповтің есімі берілді.

Жәлен  Төлепов 1924 жылы  Гурьев (Атырау) облысы, Бақсай ауданы, Алға ауылында  дүниеге келген. Осындағы 5 сыныптық мектепте оқыған.

1942 жылы Бақсай аудандынан әскер қатарына шақырылып, сол жақта саперлық курсты аяқтап, Мәскеуді қорғау мақсатында соғысқа аттанады.

99a37a9a 7ac3 448d 8b86 509aae1412c3

Ол шайқасты Мәскеу түбінде бастап,  Берлин түбінде аяқтайды.

Жәлен бастаған саперлер қаншама түнді мина дайындаумен өткізді. Өйткені, неміс-фашист басқыншыларының қарша боратып, жаңбырша жаудырған оғы бұлардың бас көтеруіне мұрсат бермеді. Қаншама миналар жауынгердің қолынан шығып, қарсыласының қуатты техникасы мен әскерін күл-талқан қылды. Әр сантиметр сайын жылжи тоқтап, жау ордасын жою үшін Мәскеудің түбінен Белоруссияға, одан әрі Украинна мен Германияға дейін жан алысып, жан беріспестен соғысты.

Майдандағы асқан батырлығы мен қайталанбас ерлігі үшін Жален Төлепов  үш мәрте жауынгерлік «Қызыл Жұлдыз» орденімен, «Ерлігі үшін»,»Берлинді азат еткені үшін», «Германияны жеңгені үшін», «Праганы азат еткені үшін» медальдарымен марапатталды.

 Соғыс аяқталған соң, 1950 жылға дейін Оңтүстік Сахалинде әскери борышын өтеп, қызметін жалғас тырды. Елге оралысымен Атырау мұнай өңдеу зауытында табан аудармастан отыз жыл бойы оператор болып еңбек етті. 1979 жылы «Еңбек ардагері» медалімен марапаттылып, 1991 жылы құрметті еңбек демалысына шықты. Ол отбасылық, қоғамдық өмірде де көпке үлгі көрсетті.

Қан майданда өшпес ерлігімен, бейбіт кезеңде соған пара-пар ерен еңбегімен ерекшеленіп, өнегелі өмір жолын өткерген ердің есімін мәңгілік есте қалдыруға ал арналған салтанатты рәсімге  ардагердің әулеті, отбасы мен ұрпақтары, қызметтес болған адамдар, шаһар басшылығы мен қоғамдық ұйымдар өкілдері қатысты.

Жиналған жұртшылықты Атырау қаласы әкімінің орынбасары Нұржан Ермұханов, қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Сейілхан Қайыржанов құттықтап, жылы лебізін білдірді. Майдангер ұрпақтары атынан сөз алған Еділбай Аманғалиеа пен Нұржан Нысанбаев әке-аталарына көрсеткен құрметі үшін ел ағаларына алғысын арнады.

Соңынан көшенің басталар тұсына керілген көгілдір лента қиылып, тұсауы кесілді.

Дәулетқали АРУЕВ

Суреттерді түсірген автор

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз