Ірі қара неден қырылды?
«Бірінші мамыр» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде сиыр малынан белгісіз ауру белгілері пайда болды.
Дереу биологиялық сынама алынып, Астана қаласындағы «Ветеринария бойынша ұлттық референт орталығы» мен Алматыдағы Ғылыми-зерттеу ветеринарлық институтына жіберілді. Нәтижесінде, қауіпті инфекциялық ауру табылған жоқ. Ал, облыстық ветеринарлық зертхана сараптамасына сүйенсек, сыртқы белгілеріне байланысты зат алмасу үрдісінің бұзылғаны расталып отыр. Сондықтан болу керек, жануарлар азықтанудан да қалған.
Әбден әлсіреп қалған ірі қараға қос мәрте кальций борглюконаты мен глюкозаның әрқайсысынан 40 пайыздық ерітіндісі егілді. Күнделікті азық құрамы да өзгертілді. Қазіргі жағдайы жаман емес. Аталған шаруашылықтағы мыңнан аса сиырдың 178-і ауруға шалдыққан. Бүгінде соның жартысына жуығы сойылған. Мамандар ауру сиырлардың еті адам ағзасына қауіпсіз екенін айтып отыр.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ.
Суретті түсірген автор.