Өңірде өсім бар
Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ Қазақстан халқына Жолдауында айқындалған міндеттердің орындалысы туралы облыс әкімі Нұрлан НОҒАЕВ аймақ жұртшылығы алдында баяндама жасады.
– Мемлекет басшысының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауы – бүгінгі күні ел өміріндегі басты жаңалық, — деді аймақ басшысы. – Президентіміздің биылғы Жолдауы еліміздің, қоғамымыздың дамуына тың серпін беріп, жаңа кезеңін бастайды.
Сондай-ақ, өңір басшысы ағымдағы жылдың сегіз айында облыстың негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне тоқталды. Атап айтқанда, өнеркәсіп, инвестиция, тұрғын үйді іске қосу, құрылыс жұмыстары, ауыл шаруашылығы, шағын және орта кәсіпкерлік салалары бойынша оң өсім сақталғанын атап өтті.
– Жалпы өңірлік өнім көлемі 2018 жылдың 1 тоқсанында 1,6 трлн. теңгені, нақты көлем индексі 112,1 пайызды құрады. Халықтың жан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнім 2 638,5 мың теңге көлемінде қалыптасты, бұл – республика өңірлері арасында бірінші орын, — деді Нұрлан Асқарұлы.
Баян ЖАНҰЗАҚОВА